Сайлауалды науқан байқаушылардың жіті назарында

0
470
1.2
Еліміздегі сайлауалды дайындықты халықаралық және отандық байқаушылар жіті бақылап отыр. Сарапшылардың пікірінше, олардың қызметтері үгіт-насихат жұмыстарының және сайлаудың әділ әрі заңды өтуіне түрткі болмақ. Соның ішінде, сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның қызметі барлық заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді деп түсіндірді саясаткер Данияр Әшімбаев. Данияр Әшімбаев, саясаттанушы: – Республикалық қоғамдық комиссияны еліміздегі азаматтық қоғамның сайлау процессіне ықпал ететін ұйым деп қарастырған дұрыс. Өйткені оған белгілі ғалымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және үкіметтік емес ұйымдар мен Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Комиссия айтарлықтай жұмыс жасап отыр. Олар сайлау комиссияларымен, штабтармен, халықаралық байқаушылармен кездесу өткізіп, маңызды әдістемелік кеңестер ұйымдастыруда. Жәнібек Сүлеев, журналист: – Менің білуімше, алдағы ҚР Президенттік сайлауына 9 мыңнан астам байқаушы тартылған. Сондықтан қоғамдық комиссияның қарқынды жұмыс істейтініне еш күмәнім жоқ.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/59741-iti-nazarynda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз