Мемлекет басшысы Dostyk Plaza сауда-сауық орталығында болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Елбасы сауда-сауық орталығының жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ Made in Kazakhstan брэндімен өндірілген өнімдермен танысып, қазақстандық тауарлар сатып алды. Қазақстан Президентіне қала базарлары мен көлік инфрақұрылымын қайта жөндеу барысы және жаңа сәулеткерлік жобалар туралы баяндалды. «Dostyk Plaza» сауда-сауық орталығы 2014 жылы ашылған. Үш қабатты кешен ғимаратында 174 дүкен, 18 дәмхана және мейрамхана, сондай-ақ 10 залдан тұратын кинотеатр бар.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/59782-ynda-boldy