Қарағанды облысында су тасқынынан 2 адам көз жұмды

0
391

Қарағанды облысында тасқын салдарынан 2 адам көз жұмды деп хабарлайды КТК арнасы.

Photo: Қарағанды облысында су тасқынынан 2 адам көз жұмды
Оқыс оқиға Мұстафин ауылында болған. Қызыл су қас пен көздің арасында лап қойғанда екі зейнеткер үйлерінен шыға алмай, суға тұншығып өліпті.

Бақилық болған 77 жастағы Василина және 79 жастағы Юрий Вакульколар. Тұрғындардың айтуынша, кәріліктен жүріп тұрудан қалған кемпір мен шалды құтқарған ешкім болмапты.

Туғандары жоқ қарияларды көршілері іздегенде ғана олардың денелері өз үйлерінен табылған.

Құтқару операциясын мінсіз атқардық деген Төтенше жағдайлар қызметі қазір қарттардың тұншығып өлгенін мойындағысы келмей, түлкібұлаңға салып отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз