Қытайлықтар француз шарабынан бас тартуда

0
526
2
Қытай тұрғындарының Бордо қымбат шарабына деген қызығушылығы азайған.
Франция сусындарына соңғы бір жылда сұраныс төрттен 1%-ға төмендеді. Сарапшылардың айтуынша, қытайлықтардың талғамы енді басқа елдерден келетін шараптарға ауған. Гонконгте ұйымдастырылған кештердің бірінде алькоголь сусындарына әуесқойлар грек шарабының дәмін көруде. Ондаған жылдар бойы Қытай тұрғындары Бордо жүзімдігі өнімдерінің басты тұтынушылары еді. Алайда соңғы кездері жағдай өзгерген. Мұндай дегустациялық кештер елде жиі өтіп тұрады. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, қытайлық тұтынушылардың талғамы артып, олар шарапты жақсы ажырата бастаған.
Энди Макдугл, The flying winemaker компаниясының негізін салушы:
– Адамдарды таң қалдыру қиын. Әсіресе Қытай тұрғындарының талғамы жоғары болып келеді. Сондықтан біз де барымызды салып, олардың талаптарын ескеруге тырысамыз.
Қытайдағы Бордо шараптарын тұтыну соңғы жылда күрт төмендеп кеткен. Сарапшылардың айтуынша, бұған тек жаңашылдыққа деген құмарлық емес, қаражат мәселесі деп себеп. Елде жемқорлыққа қарсы ауқымды шара барысында жақында қымбат сыйлықтарға тыйым салынған болатын. Осыдан барып қымбат алкогольге де сұраныс күрт азайған. Есесіне қолжетімді шараптарға деген сұраныс өсіп отыр.
Жанин Чо Ли, cомелье:
– Адамдар қымбат шарапқа жұмсалатын ақша бос әурешілік деп ойлайтын болды. Сондықтан қазір Бордодан келетін шараптарға сұраныс төмендеді.
Алайда француз шараптарына деген қызығушылықтың төмендеуі басқа елдерден келетін сусындардың жақсы сатылуына түрткі болды. Сондықтан бұл салада қызмет жасайтын мамандарға қашан да жұмыс бар.
Авторлары: Жанар Байқоңырқызы, Әсем Хасенқызы

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59819-rtuda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз