Ресейлік сарапшылар: Сайлау – тұрақтылық пен даму жолының факторы

0
604
8
Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Қазақстандағы тұрақтылық пен даму жолының факторы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған Ресейдің белді ғалымдары мен сарапшылары қатысып, Қазақстандағы саяси науқанды талқыға салды. Ресей сарапшылары Қазақстандағы сайлау елдегі тұрақтылықты одан ары дамытуға мүмкіндік береді дейді.
М.Ломоносов атындағы ММУ ұйымдастырылған конференцияның салмағы көзге көрініп-ақ тұрды. Біріншіден, ғылыми-тәжірибелік басқосу ЕАЭО құру идеясы жарияланған жерде, Ресейдің ең әйгілі жоғарғы білім беру ордасында өтті. Екіншіден, конференцияға Ресей мемлекетінің беделді ғалымдары, мемлекет қайраткерлері, сарапшылары және журналистері қатысты. Үшіншіден, конференцияны ММУ ректоры Виктор Садовничийдің өзі жүргізді.
Конференцияны ашқан Виктор Садовничий ЕАЭО тарихына тоқталып, еліміздегі ең басты жетістіктерді ерекше атап өтті. «Қазақстанның әлемдік саясаттағы басты ұстанымы – ол тұрақтылық және бейбітшілік. Қазақстан – Ресейдің негізгі және ең сенімді әріптесі. Сондықтан көршілеріміз қолға алған «Нұрлы жол» секілді болашаққа бастар бағдарламалары бізді ерекше қызықтырып отыр», – дейді ресейлік сарапшылар.
Анатолий Торкунов, РФ СІМ Халықаралық қатынастар университетінің ректоры:
– Қазір әлемде сайлауларға үрке қарайды. Бірақ Қазақстанда олай емес. Қазақ елі керісінше сайлауды өткізу арқылы елдің жарқын болашағына жол ашуда. Сондықтан Қазақстандағы сайлау Ресей үшін де өте маңызды.
Анатолий Спицын, ЕАЭО Интеграциялық мәселелері жөніндегі институтының директоры:
– Мәселен, бүгіндері ТМД елдерінің бірде бірінде Қазақстандағыдай ұзақмерзімді стратегия жоқ. Қазақстан – даму көрсеткіштері жағынан ТМД елдері ішінде алда келе жатқан бірден-бір мемлекет. Қазақстандықтардың кірісі соңғы 15 жыл ішінде 16 есе ұлғайған. Жұмыссыздық 2 есе қысқарған. Сондықтан қос елдің ынтымақтастығын одан ары дамыту үшін Қазақстаннан көп нәрсені үйренуіміз қажет.
Қазақстан тәуелсіздіктің жиырма төрт жылы ішінде қызығатындай жетістіктерге қол жеткізді. ТМД елдеріндегі ең мықты экономика, ауызбірлік пен халықтар достығы, индустрияландыру, жасыл экономиканы құру, сыртқы қауіп-қатерлерге төтеп беріп, әлемдік беделге ие болу. Күшіміз бірлікте. Бұны карапайым халықта, сарапшыларда жақсы түсінеді.
Михайл Швыдкой, РФ Президентінің арнайы өкілі:
– Халықаралық аренада Қазақстанның беделі өте зор. Қазақ елі аз уақытта бүкіл әлемге, тұрақтылықпен даму үлгісін көрсетті. Көршілерімен, жалпы кезкелген мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатты. Ядролық қарудан бас тартып, Еуразиялық кеңістікте ықпалдасу үрдісін қолға алған бірден-бір мемлекет ретінде танылды.
Қазақстанда қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар өз нәтижесін берді. Жиырма жыл ішінде елімізге 170 млрд доллар инвестиция құйылды. Былтыр дағдарыстан шығу жолын іздеген шетелдік компаниялар елімізге 20 млрд доллар инвестиция әкелді. Құрылыс, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау секілді салалар, шағын және орта бизнес дамып, әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. ЕАЭО аясында қос елдің бизнес құрылымдары бірігіп біріккен кәсіпорындар ашуда.
Александр Агеев, РҒА экономикалық стратегия институтының бас директоры:
– Сайлау арқылы Қазақстан халқы кезекті рет бірігуде. Бірігіп мықты мемлекеттің, мықты басшысын таңдау арқылы қазақ елі жаңа экономиканы дамытатын болады. Қазақстан көпвекторлы саясатын жүргізу арқылы әлемдік деңгейдегі ұлы державаға айналды.
Президент сайлауы арқылы біріккен қазақстандықтар ауқымды жоспарларды жұмыла орындауға дайын.
Авторлары: Руслан Оспан, Тимур Алтынбаев

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/59786-zholyny-faktory

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз