Елбасы «Алматы көктемі» фестивалін тамашалады

0
499
1
Санаулы уақыттар бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік шаһарда «Алматы көктемі» қалалық фестивалін тамашалады.
Орталық стадионда өткен шараға қаланың шамамен 20 мыңға жуық тұрғыны қатысты. Дені жастар. Мерекелік шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Президент Алматының бүгінгі дамуын жоғары бағалады. Және қаланы көркейту жұмыстары бір сәтке де бәсеңдемейтіндігін айтты. Ал алаңға жиналған жастарға тіл үйренуге, білімдерін тереңдетуге кеңес берді. «Бүгінгі заманда тек бәсекеге қабілетті елдің дамуы даңғыл болады», – деп түйді Нұрсұлтан Назарбаев. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Қайырлы кеш, алматылықтар. Алматы ең жасыл қаланың бірі екенін барлығымыз білеміз. Алматыны жақсы көрмейтін қазақстандық жоқ. Бұл – ел тәуелсіздігінің алтын бесігі. Жаңа тарихын бастаған ел. Әр уақытта мемлекеттің бақылауында. Жыл сайын, күн сайын өсіп келеді. Ең үлкен шаһар. Бұл қала қаржының, экономиканың, мәдениеттің, спорттың ордасы. Қазіргісі әдемі. Болашағы кемел қала. Барлығыңызды құттықтаймын!

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/59832-shalady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз