Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында “Dostyk Plaza” сауда-сауық орталығының жаңа ғимаратын аралап “Made in Kazakhstan” брэндімен өндірілген қазақстандық тауарлар сатып алды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Қазақстан президентіне қала базарлары мен көлік инфрақұрылымын қайта жөндеу барысы және жаңа сәулеткерлік жобалар туралы баяндалды.
“Dostyk Plaza” сауда-сауық орталығы 2014 жылы ашылған. Үш қабатты кешен ғимаратында 174 дүкен, 18 дәмхана және мейрамхана, сондай-ақ 10 залдан тұратын кинотеатр бар.
Дереккөз: ИА «Казинформ»