Шымкентте әйелдер боксынан 2015 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

0
885
 
4
    Алты күнге созылған бәсекеде үздік шыққандардың есімі толық белгілі. Ел чемпионы атану үшін бәрі де соңғы күштерін сарқып, жанкештілік танытты. Өйткені Қазақстан біріншілігі – әлемдік додаларға жол ашар бірден-бір жарыс.
Жайна Шекербекова, Жанна Баскаева, Гүлжайна Үббіниязова, Дариға Шәкімова, Мөлдір Базарбаева, Ләззат Күнгейбаева сынды әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген арулар бұл жолы да озық шықты. Өткен жылы әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай 51 келігеауысыпты. Жаңа салмақтағы алғашқы айқасында оңтүстікқазақстандық Жайна Шекербековаға есе жіберді.
Жаңа есімдерді де таныдық. Мәселен, бойжеткендер сапынан әйелдер дуына ауысқан Гаухар Ермекбай 69 келіде қарсылас шақ келтірген жоқ. Ел чемпионы Зарина Цолоева да финалда сүрініп, күміс жүлдені қанағат етті.
Сонымен, жалпыкомандалық есепте Алматы қаласы үздік шықса, Оңтүстік Қазақстан облысы құрамасы 2-орынға жайғасты. Үздік үштікті түйіндеген – Алматы облысы.
Ел біріншілігінің үздік боксшысы, төрешілері де анықталып, оларға да сый-сыяпат үлестірілді. Үздік боксшы номинациясына – Назым Қызайбай, көрермен көзайымы – Мөлдір Базарбаева және үздік төреші номинациясына Наталья Цой ие болды.
ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі (ел чемпиондары бірінші қатардағылар):
48 келі: Алина Тұрлыбаева (Павлодар) – Әйгерім Асқарова (Жамбыл);
3-орын: Ақерке Құсайынова (Алматы), Алмагүл Шәриева (Атырау);
51 келі: Жайна Шекербекова (ОҚО) – Назым Қызайбай (Алматы);
3-орын: Жібек Пірімова (Қызылорда), Севара Тәжіқұлова (Маңғыстау);
54 келі: Рано Пархатова (Алматы) – Дина Жоламан (Ақмола);
3-орын: Аяулым Боранбаева (Астана), Гүлжан Әкімова (Алматы обл.);
57 келі: Жанна Баскаева (Маңғыстау) – Сәния Сұлтанқызы (Астана);
3-орын: Оксана Королева (Қарағанды), Ақерке Наурызбаева (ШҚО);
60 келі: Гүлжайна Үбіниязова (Ақтөбе) – Наталья Тарасенко (Алматы обл.);
3-орын: Карина Ибрагимова (Ақмола), Әлия Әбдірайымова (Астана);
64 келі: Мәдина Нұршаева (ОҚО) – Зарина Цолоева (Ақмола);
3-орын: Ұлбала Алменова (Жамбыл обл.), Лаура Әбдірахманова (Астана);
69 келі: Гауһар Ермекбай (Алматы обл.) – Айдана Бақытқызы (Жамбыл обл.);
3-орын: Әмина Аманқұл (ОҚО), Зура Құсайынова (Павлодар);
75 келі: Дариға Шәкімова (Алматы) – Юлдуз Мамтақұлова (Жамбыл обл.);
3-орын: Валентина Хальзова (Астана), Виолетта Князева (Қарағанды);
81 келі: Мөлдір Базарбаева (Ақмола) – Фариза Шалтай (Алматы обл.);
3-орын: Ақбота Исақұлова (Қарағанды), Анастасия Заикина (ОҚО);
+ 81 келі: Ләззат Күнгейбаева (Астана) – Умида Садықова (Алматы обл.);
3-орын: Зүлфия Мұхамедиярова (ШҚО), Тоғжан Сыздықова (Алматы).Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/sport/item/59850-ldeger

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз