Грузияда жыл сайын 500-ге жуық адам жол үстінде жан тапсырады

0
439
2
Жыл сайын әлемде жол апатынан көз жұматындардың саны миллионнан асып жығылады.
Бұл Біріккен ұлттар ұйымының таратқан мәліметі. Ал Грузияда жылына 500-ге жуық адам жол үстінде жан тапсырады. Грузиядағы «Қауіпсіз жол Альянсының» ақпараты бойынша апатта опат болғандардың саны ауырып көз жұматындардан,,, әлдеқайда көп екен. Жазатайым жол үстінде жан тапсыру немесе сап-сау жүрген адамның мүгедек болып қалуы елде үлкен проблемаға айналды. Соңғы кезде көліктердің бір-бірімен соғысуы немесе жаяу жүргіншіні басып кету жиіледі. Бүгінде 40 жасқа дейінгі өлім-жітім бойынша апаттан опат болғандар екінші орынды алады. Грузияда жыл сайын 500 адам көліктің салдарынан көз жұмады.
Майя Кобалия, «Грузиядағы қауіпсіз жол Альянсының» атқарушы директоры:
– Жол апатының жиілеуіне көлік тізгінінде отырғандардың немқұрайлылығы басты себеп. Өйткені апаттың 95%-ы адами фактордың кесірінен болып жатыр. Тек Грузияда ғана емес, бүкіл әлемде солай. Біз елдегі жағдайды зерттеп қана қоймаймыз, сонымен қатар мемлекеттік органдарға нақты ұсыныспен шығамыз. Жетістігіміз де баршылық. Мәселен 2014 жылға дейін 3 рет айыппұл салған соң ғана көлік жүргізу құқығынан айырылса, қазір ешқандай ескертусіз айырылады.
Жыл басынан бері елде көліктер саны да күрт көбейген. Бүгінде миллионнан аса темір тұлпар тіркеліпті. Яғни әрбір төртінші тұрғынның көлігі бар деген сөз. Көп көлікке қала көшелері де шыдас берер емес. Жолдардың тарлығы, тұрақтардың аздығы мен ескірген жол белгілері апатты арттыруда.
Давид Месхишвили, Көлік және жол қауымдастығының жетекшісі:
– Ескірген көліктерге бақылау күшейсе Грузияда 350 мың көлік техникалық байқаудан өте алмаушы еді. Автокөлікке деген сұраныс қарқынды түрде өсіп жатыр. Бұған тосқауыл қою керек. Әйтпесе жол қауіпсіздігі туралы айтудың өзі артық. Сарапшылар тығырықтан шығудың түрлі жолдарын ұсынып әлек. Біріншіден, қолданыстағы көліктерге сұранысты азайтатын нақты шаралар қажет. Екіншіден, техникалық байқаудан өтуді заңмен міндеттеу керек. Грузияда бұл тала 2017 жылы күшіне енбек.
Авторлары: Жадыра Медетбек, Азиза Макулбаева, Шалва Сурамелашвили

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59874-tapsyrady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз