Тимур Бекмамбетовтің идеясымен түсірілген фильм АҚШ-та рекорд орнатуда

0
398

01

17 сәуір күні АҚШ-та прокатқа шыққан режиссер Лео Габриадзе мен продюсер Тимур Бекмамбетовтің «Unfriended» («Достар қатарынан шығару»- «Убрать из друзей») фильмі тек түнгі сеанстардың өзінде-ақ $600 мыңнан артық қаражат жинады, деп хабарлайды Рен ТВ.

«Unfriended» үрей фильмі АҚШ-та 2,7 мың экраннан көрсетіледі.

Сарапшылардың пікірінше, бұл фильм АҚШ-тағы прокатының өзінен $12 млн жинайды.

«Фильм идеясының авторы – Тимур Бекмамбетов. Ғаламтор қазіргі таңда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауының басты құралдарының бірі болып отыр. Ал қарым-қатынас бар жерде драма бар. Кино түсірушілер сол драманы көрерменге жеткізулері керек», – дейді картина режиссері Лео Габриадзе.

http://qamshy.kz/?p=22836

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз