Францияның атақты «Гермиона» теңіз кемесінің көшірмесі ашық теңізге алғаш рет шықты. Дәл көне алып кемеге ұқсатып жасалынған мына көліктің құрылысына 20 жыл уақыт кетті. Қазір оның құны шамамен 25 млн еуроға бағаланып отыр. АҚШ тәуелсіздігіне 239 жыл толуына орай әскери кеме францияның РошфОр портынан АҚШ-тың БОстон қаласына қарай бағыт алды. Сапарға шығар алдында ел президенті Француа Оланд кеме ішіне кіріп сәт сапарын тіледі.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59900-shy-ty