Қазақстанда барлық азаматтарға шетелдегі мүліктерін көрсетуді міндеттеу ұсынылды

0
389

Қазақстан қаржы министрлігі елдің барлық азаматтарын шетелдегі өз дүние-мүлкін декаларцияда көрсетуге міндеттейін өзгерістерді қолданыстағы заңға енгізуді ұсынады деп хабарлады ҚазТАГ.

2b28d70da139a66a9cdbd73fa8c

Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің методологиялық департаменті директоры Толғанай Ботақанованың ақпараты бойынша, қазіргі кезде тек мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары ғана декларация толтырғанда Қазақстаннан тыс жердегі дүние-мүлкі жайлы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

Егер қаржы министрлігі ұсынып отырған өзгерістер заңға енгізілетін болса, азаматтардың барлығы қай салада қандай қызмет атқаратындығына қарамастан, шетелден алған дүние-мүлкі туралы мемлекеттік кіріс комитетіне хабарлап отыруға міндетті болмақ.

“Мүлікті заңдастыру туралы” заң жобасы бойынша, “қозғалмайтын мүлік, құнды қағаздар мен үлестер” міндетті түрде декларацияда көрсетілуі тиіс. Жобада мүлік сатылған кезде салық ұстау тәртібі қарастырылған. Бұл заң өзгерістерін шілденің 1-іне дейін қабылдап, 2016 жылы қаңтардың 1-інен күшіне енгізу жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз