Мектеп оқушылары дайындаған жобаларды қарағандылықтармен қатар Cанкт-Петербордан келген ғалымдар да тамашалады.
Екі күнге созылған шара барысында ресейлік ғалымдар қарағандылық оқушылар мен оқытушыларға роботтармен жұмыс істеудің тәсілдерін үйретіп, шеберлік сабағын өткізеді. Жас өнертапқыштардың туындыларының бірі футбол ойнап, бірі ұшып келген қонақтардың көңілін көтерді. Тіпті кейбір құлтемірлермен қашықтықта отырып жұмыс істеуге болады. Бастысы – ғимаратта ғаламтор WI-FI міндетті түрде болуы қажет. Мамандардың айтуынша, осындай роботтар әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға өте қажет.
Виктор Телецкий, роботты техника жасайтын кәсіпорынның директоры:
– Мысалы, мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып, осындай роботтардың көмегімен мектепке барып, оқу оқи алады. Өзінің құрдастарымен сөйлесіп, кез келген сұрақтарына жауап алады.