Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында жол-көлік апаты салдарынан 15 адам қаза болды.
14 адамның өртенген сүйектері апат орнынан табылған, тағы бір адам ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған деп хабарлады Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің төтенше жағдайлар басқармасы.
“Газель-2705″ маркалы жүк көлігі мен “Мерседес-Бенц Спринтер” шағын автобусы Алматы-Екатеринбург тас жолының 487-шақырымында бір бірімен соқтығысып қалған.
Бішкектен Солтүстік Қазақстанға кетіп бара жатқан шағын автобустың жүргізушісі мен ондағы жолаушылардың барлығы Қырғызстан азаматтары, “Газель” көлігінің жүргізушісі – Қазақстан азаматы деп хабарланды.
Апаттан зардап шеккен бес адам Жамбыл облысымен шектесетін Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының ауруханасына жеткізілген.
Дереккөз: Азаттық