20 сәуірден бастап Қазақстанда жеңілдетілген несиемен автокөліктер беріле бастайды. Бүгінде сатып алушылар банктерден құнды кеңес алып, өздеріне көлік таңдап үлгеруде.
Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Естеріңізде болса, Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді жеңілдетілген несиемен беру үшін республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген болатын.
Осыдан соң, автосалондарда елімізде жиналған көліктерге деген сұраныс бірнеше есеге артқан.
Бүгінде жеңілдетілген несиемен автокөлік алу үшін екінші дәрежелі 6 банктің қызметіне жүгінуге болады. Олар: Қазақстан Халық банкі, Еуразиялық банк, Ресей Сбренбанкі, АТФ банк, Цесна және Форте банк.
Бір ғана Қостанай облысында несиеге көлік алу үшін жүзге жуық өтініш келіп түскен.
Еске сала кетейік, жеңілдетілген несиемен автокөлік алу үшін автомобиль құнының 10-20 пайызын құрайтын алғашқы жарнаны төлеу қажет.
Несиені беру мерзімі 5 жылға дейін созылады. Ал көлік құны 5 млн 600 мың теңгеден аспауы керек.
Дереккөз: NUR.KZ