Астанада көркем гимнастикадан өткен халықаралық турнир мәресіне жетті

0
671
3
Елордада еліміздің белгілі көркем гимнасты, Азия чемпионы Әлия Юсупованың жүлдесі үшін көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті.
Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. Біріншілік «Дәулет» спорт кешенінде 17 сәуірде ашылды. Салтанатты шараны 2000 адам тамашалады.
Турнирге әлемнің 12 елінен 62 спортшы қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тайланд, Сербия, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Вьетнам мемлекеттерінің өкілдері. Чемпионат 2 күнге жалғасты. Спортшылар жас ерекшелігі жағынан 5 санат бойынша бақ сынасты.
Қорытынды есеп бойынша, 2001 жылы туылғандар арасында қазақстандық Алина Әділханова турнирдің алтынын иемденді. 2000 жылы туылғандар санатында отандасымыз Медина Нұрғали күміс алды. 2002 жылы туылғандар арасында Әдилә Тілекенова, ал 2003 жылғылар арасында Роза Әбитова күміс медаль олжалады. Сондай-ақ екі жерлесіміз Даяна Әбдірбеков мен Диана Звонорева қола жүлдеге ие болды.
Халықаралық жарыстың бас төрешісі ретінде ҚР Төрешілер комитетінің өкілі Наталья Мелкумова қатысып, спортшылардың өнерін бағалады.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/sport/item/60005-resine-zhetti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз