Бәзбіреулер сенбілікте отырғызылған шыршаларды түбімен жұлып тастаған

0
419
4
Павлодардағы Жеңіс саябағына сенбілікте отырғызылған жас шыршалар түбімен жұлынып тасталған.
Бұл туралы Рavlodarnews.kz хабарлайды.
Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбі күні Павлодарда жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылып, оған 40 мың тұрғын қатысқан болатын.
Сенбілік аясында Жеңіс алаңына шыршаларды облыс әкімі отырғызған. Павлодар қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Әсия Закарьянованың айтуынша, көшеттер қалалық тәлімбақтан әкелінген. Бойы 2 метрге дейін жететін ағаштардың жасы шамамен 12-14 жылды құрайды. Жуық арада бұл іске жауапты «Дендро» ЖШС мердігер ұйымның қызметкерлері өсімдіктерді қайта отырғызу жұмыстарын қолға алмақ.
Маманның сөзіне қарағанда, ағаштардың жұлынып кетуіне қатты соққан жел себеп бола алмайды. Өйткені желдің екпінімен 3 ағаш емес, одан да көп өсімдік зардап шегер еді.
«Сенбі күні отырғызылған 70 ағаштың 3-еуі ғана ұшып кетуі мүмкін емес. Сондықтан бұл жайтты вандализм фактісі деп білеміз. Жеңіс саябағында бейнебақылау камералары болмағандықтан, бұзақыларды табу қиынға соғары сөзсіз», – дейді Ә. Закарьянова.
Мамандар аталған қоғамдық орынды бақылау үшін кем дегенде 6 камера қажет деп отыр.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/60012-zh-lyp-tasta-an

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз