Елордада жас мамандардың форумы өтті

0
453
1
Астанада «Мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандардың форумы өтті.
Ауқымды басқосуға 400-ден астам «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен белсенді жастар қатысты. Шара аясында 5 адамға Президенттік стипендияның сертификаты табысталып, халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйлықтар берілді. Ал форум қатысушылары үшін отандық белгілі бизнесмендермен кездесу ұйымдастырылып, пікірталас өткізіледі. Айта кетейік, бүгінде еліміздің 11 мыңдай азаматы «Болашақ» стипендиясын иеленген. Оның 8 мыңнан астамы шетелдік озық оқу орындарының түлегі атанып, бірқатары елдегі жетекші мекемелерде басқарушылық қызметті атқарып жүр. 2 мыңнан астамы әлемнің алдыңғы қатарлы білім ордаларында оқуын жалғастыруда.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
– БҰҰ-ның жүргізген рейтингісіне байланысты өткен жылы Қазақстанның жастарға арналған саясаты 170 мемлекеттің ішінде 17-інші орын алды. Оған дәлел – жыл сайын болатын халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда біздің оқушыларымыз бен студенттеріміздің, жас ғалымдарымыздың алатын орындары.
Ғани Нығыметов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі:
– 2016-2020 жылға арналған стратегиямызды қазір жасап жатырмыз. Одан кейін бұл стратегияны Республикалық комиссияға шығарамыз. Стратегияның басты бағыттары – «Болашақ» стипендиясының сапасын өте жоғары деңгейге көтеру. Талаптарды күшейту. Магистратура мен докторантураны оқуға адамдарды көбірек жіберу мәселесі.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/60058-umy-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз