Мысырда бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдап, бас көтерген студенттер шеруі полицейлермен қақтығысқа ұласты.
Жастар бұрынғы мемлекет басшысын босатуды талап етуде.
Наразылық шарасы университет аумағында басталған. Қақтығыс кезінде студентер тәртіп сақшыларына тас пен жанғыш заттар жаудырған. Полицейлер тәртіпсіздіктер жасауға белсенді кіріскен жастардың арасынан ондаған адамды қамауға алды. Айта кетейік, бұл – 2013 жылы шілде айында биліктен шеттетілген Мұхаммед Мурси жақтастырының алғашқы ереуілі емес. Ертең президенттік сарайда экс-президентке қатысты үкім шығады. Мурсиге мемлекеттік опасыздық жасап, адамдардың жаппай өліміне кінәлі деген айып тағылып, өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/60054-ruge-shy-ty