Жедел жәрдем көлігіне жол бермегендерге айыппұл салынады

0
466
3
Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметіне күрделі реформалар жүргізуде.
Қабылданғалы жатқан жаңа заңда 112 көлігіне 12 секундтың ішінде жол бермеген көлік жүргізушілеріне айыппұл салу жағдайы да көзделген. Оның мөлшері әзірге 80 түрік лира (10 мың теңге) деп белгіленді. Сондай-ақ жедел жәрдем қызметінің төрағасы Осман Арыкан Наджар науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында 112 көліктері қала ішінде 10, ал елді мекендерде жарты сағаттың ішінде мекенжайына жетуі тиіс екенін ескертіп, олар автоматты басқару жүйесінде жіті қадағаланатынын жеткізді.
Авторы: Ержан Жүніс

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/60041-alynady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз