Токиода өткен жарысқа екі қонақ арнайы шақырылды.
Соның бірі – біздің жерлесіміз. Айта кетейік, байрақты бәсекеде бас жүлде бір миллион долларды АҚШ командасы жеңіп алды. Ал екі ұпай айырмашылығымен екінші орынға Ресей спортшылары табан тіреді. Жарыс қожайындары күміс медальді қанағат тұтты. Жарыста қазақстандық спортшы Сэм Смиттің өлеңінің сүйемелдеуімен халықтың сүйіп көретін қойылымы мен лирикалық «Ми Манкерай» нөмірін орындады. Биік белестерді бағындырып жүрген қазақстандық спортшының есімі әлемге әйгілі. Денис Тен осы маусымда жалғыз өнер көрсетуде алдына жан салмады. Ең жоғары ұпай жинады. Бұл отандасымыз үшін үлкен жетістік болатын. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері біздің телеарнаға берген сұхбатында жапондықтардың осы спорт түріне деген көзқарастарымен бөлісті.
Денис Тен, 2015 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері:
– Мен осы турнирге қонақ ретінде қатысқаныма қуаныштымын. Бұл жарысты миллиондаған жанкүйер тек стадионнан ғана көрмейді. Оны тікелей эфирде жапондықтардың 20 пайызы тамашалайды екен. Бұл деген мәнерлеп сырғанау спортының танымалдылығын көрсетеді.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/sport/item/60027-k-rsetti