«Қайырымдылық керуені» атты акцияға Алматы қаласының тұрғындары мен дін қызметкерлері қатысып, үлес қосты. Акция аясында тұрмыстық заттар, киім-кешектер, көрпе-жастық және қаржылай көмек жиналды.
Игі шараға Бас мүфти Ержан Малғажыұлы қатысып: «Су тасқынынан зардап шеккен бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылық – барша халқымызға, қоғамға ортақ мәселе. Басына ауыртпашылық түскен адамға көмектесу – ол да мұсылмандығымыздың белгісі. Қазір Астана, Алматы, Қарағанды, өзге де облыстарымызда «Қайырымдылық керуені» атты акция жүріп жатыр», – деді.
Бүгін Алматы мешіттері ұйымдастырған екі жүк көлігі Қарағанды облысына аттанса, ертең Астана, Қарағанды қалаларындағы мешіттерден де гуманитарлық көмек көрсетіледі. Бүгін мешіт жанынан ашылған қоғамдық пункттерде азық-түлік немесе тұрмыстық заттарды қабылдау шарасы жүзеге асырылуда.
Алматы мешіттері Қарағанды өңіріне гуманитарлық көмек жөнелтті
Астана. 20 сәуір. BAQ.kz – «Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық мешіттің ұйытқы болуымен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетті. Бүгін өңірге 20 тонна қайырымдылық жүгі артылған автокеруен жол тартты»,-деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметінен.