Қазақстанда базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді

0
512
2
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова мәлімдеді. Мәжілісте зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қатысты заң жобасы таныстырылды. Құжат еліміздегі зейнетақы жүйесін жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруды көздейді. Министр орынбасарының айтуынша, базалық зейнетақы азаматтарға зейнет жасына жеткен кезде ғана өтіліне байланысты тағайындалады. Сондай-ақ 2017 жылғы 1 шілдеге дейін зейнеткерлікке шығатын азаматтар үшін базалық зейнетақыға біржолғы қайта есептеу жүргізілмек. Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары: – Базалық зейнетақы тағайындау саясаты 2017 жылғы 1 шілдеден бастап өзгеруіне байланысты қазіргі зейнеткерлердің барлығына зейнетақы тағайындау механизмі өзгертілетін болады. Нәтижесінде алушылардың 37 пайызына мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына дейін арттырылады деп күтілуде.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/60118-zgeredi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз