2015 жылғы 20 сәуірде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу аяқталды. Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметі хабарлайды. 2015 жылғы 20 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады, оған сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сайлауды байқау жөніндегі екі Миссиядан, бір халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен тағы 146 байқаушы аккредиттелді. Олардың ішінде 79-ы – Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның миссиясынан, 39-ы – ТМД-дан байқаушылар миссиясынан, 3-еуі – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, сондай-ақ 18 байқаушы – АҚШ, 3-еуі – Ресей Федерациясынан және екеуден – Әзербайжан Республикасы мен Украинадан. Жалпы алғанда, Ортсайлауком 858 байқаушыны аккредиттеді, олардың 293-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының, 410-ы – ТМД миссиясының және 10-ы – ШЫҰ миссиясының, 15-і – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің, 11-і – түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясының, 3-еуі – Ислам ынтымақтастығы ұйымының өкілдері және 37 шет мемлекеттен 116 байқаушы. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 37 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 168 өкілі аккредиттелді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің 1026 байқаушысы байқауды жүзеге асырады.
Источник: http://95.56.240.18/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/60135-r-osk