Қолжетімді баспанаға елдің қолы жетпей жүргенде, Көкшетау қаласында 200 жас отбасы мемлекеттік бағдарлама аясында ұсынылған пәтерлерден керісінше бас тартып отыр деп хабарлайды 31 арна.
Олардың айтуынша, пәтер құны тым қымбат. Ал жергілікті билік болса, пәтер бағасының қол жетімді екенін айтып, қарапайым халықты жұбатып әлек. Көкшетау қаласының тұрғыны Қуаныш Оспановтың отбасы құрғаннан бері баспанасыз жүргеніне алты жыл болыпты.
Пәтер кезегінде тұрғанына да осына уақытша өткен. Жуырда “Жансая ” деп аталатын жаңа шағын аудандағы құрылысы бітуге тиіс тұрғын үйден жалға беру негізінде пәтер беріледі деген хабар естігенде Қуаныштың қуанышы қойнына сыймады. Алайда сол көтеріңкі көңілі кейін су сепкендей басылған.
“337 пәтер беріледі деді. Қуандық. Құжаттарымызды жинап тапсырдық. Кейін Қазақстанның ипотекалық компаниясына жіберді. Барсақ, айына екі бөлмеге 69 мың теңге төлейсіңдер 20 жыл бойы дейді. Одан қалды жылына 200 мың теңге салық төлеу керек. Жас отбасыға мұндай сома көп. Сондықтан мен бас тарттым”, – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Қуаныш Оспанов.
“Жансая” тұрғын үйінен пәтер алуға ниетті болғандардың ішінде 200-ге жуық адам мұндай талаптан соң құжаттарын қайтарып алып, бас тартқан
“Жансая” тұрғын үйінен пәтер алуға ниетті болғандардың ішінде 200-ге жуық адам мұндай талаптан соң құжаттарын қайтарып алып, бас тартқан. Ал тұрғын үйден пәтер алуға әлі де болса ниет танытып отырған қалған жас отбасылар олқылықтар түзелмесе келісімшарттан бас тартуға дайын екендіктерін айтады.
“Енді біз өткен жолы қала әкімінің орынбасары Исмаиловтан сұраған болатынбыз, пәтердің коммуналдық қызметі жайында. Бұл үй әлі күнге дейін заңды тұлғаның атында тұр. Енді жеке тұлғаларға қарағанда заңды тұлғаларға тарифтік баға өте қымбат. Біз қалай төлейміз дегенде ол кісі жауап бере алмады”, – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Болат Әлменов.
Тұғын Бақытбек Бекмұратұлы айтуынша бір бөлмелі үйдің өзіне жылына 162 мың теңге салық төлеу керек екен. Көпті толғандырған сұрақ бұл салық қайдан шыққан. Осыған байланысты олар қалалық әкімдікке сауал жолдаған. Алайда шенділер келісімшартқа дейін олар бұл мәселені қарастырамыз дегенді айтқан.
Тұрғын үй кешені мемлекеттің “Нұрлы жол” бағдарламасының аясында салынуда. Оған Қазақстанның ипотекалық компаниясы делдалдық қызмет көрсетеді. Қарапайым халықтың қалтамызға лайықталмаған деген бұл үйлер туралы әкімдіктегілердің жауабы дайын.
Егер жалға алуға мүмкіндігі бар адамдар болмаса, жаңа бағдарлама аясында мұндай үйлер салынбас еді. Әркім өзінің табысына қарайды
“Астана мен Алматыда жалға берілетін пәтерлердің құны анағұрлым жоғары. Бұл тұрғын үй кешенінің жоспары алдын ала жан-жақты қарастырып бекітіліп қойылған. Егер жалға алуға мүмкіндігі бар адамдар болмаса, жаңа бағдарлама аясында мұндай үйлер салынбас еді. Әркім өзінің табысына қарайды”, – деді Көкшшетау қаласы әкімінің орынбасары Амангелді Смайлов.
Бұл жаңадан шыққан бағдарламаның алғашқы жобасы дейді жергілікті басшылық. Ал бас тартқан тұрғындар өзге мемлекеттік бағдарламалардың аясында өзге қол жетімді пәтерге ие болармыз деген үміттерін үзбей келеді.
Дереккөз: 31 канал
http://www.nur.kz/364879.html