Маңғыстау облысының сотына екі полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс жіберілді деп хабарлайды lada.kz.
Құқық қорғау қызметкерлеріне Өзбекстан азаматшасын зорлады деген айып тағылды.
Бұл туралы 20 сәуір күні облыстық соттағы бирфинг барысында Маңғыстау облысы сотының апелляция алқасының төрағасы Рахметулла Хайруллин мәлімдеді.
“Бұл іс жабық сот отырысында БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз қаралады. Іске қатысы бар бір адам қамауда отыр, ал екіншісінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Айта кетерлік жайт, арнайы уақытша қабылдау мекемесінің басшысы қылмыс туралы білген, алайда ол айғақты жасырған. Оған қатысты да шаралар қабылданатын болады”, – дейді Рахметулла Хайруллин.
Оның айтуынша, қылмыс ағымдағы жылдың қаңтар айында жасалған. Әкімшілік қамауға алынғандарды арнайы уақытша қабылдау мекемесінің екі қызметкері қызметтік бабын пайдаланып, қамауда болған Өзбекстан азаматшасын зорлаған.
Дереккөз: NUR.KZ