“Орда” тобы Қайрат Нұртастың шығармашылығын сынады

0
693

 

Жақында құрылғанына 15 жыл толған “Орда” тобының мүшелері Comode.kz сайтына сұхбат беріп, отандық шоу-бизнестің көшбасында тұрған Қайрат Нұртасты сынға алды.

Photo: "Орда" тобы Қайрат Нұртастың шығармашылығын сынады
“Ордалықтардың” пікірінше, Қайраттың шығармашылығын ұлттық музыка көрінісі деп танитын тыңдармандар қателесіп отыр.

“Мысалы, домбыра – Шәмші Қалдаяқовтың туындылары секілді ұлттың мақтанышы. Бірақ бұл 100% вальс, яғни неміс композиторларының шығармашылығындағы сарынды да байқауға болады. Сондықтан бізге де “Бұл біздің ұлттық музыкамыз, ал сендер басқа нәрсе істеп жүрсіңдер” деген халықты түсінбейміз. Бұл дұрыс емес, өйткені, біз де осындай қазақ әуендерін дайындаудамыз”, – дейді ағайынды Беделхандар.

Танымал әншілер Қазақстандағы шоу-бизнестің болашағына алаңдайды. Қайрат Нұртастың отандық шоу-бизнесте феномен атануы Қазақстандағы музыканың қай деңгейде екенін көрсетсе керек.

“Орда” тобының мүшелері ұлттық музыканы жасанды музыкадан ажырата білу қажет дейді. Музыканттардың пікірінше, ресейліктердің өзі кезінде дүркіреген “Ласковый май” әні мен соны тыңдайтын заманнан өтіп, бәсекеге қабілетті музыкаға көшкен.

“Әнді қалай шырқау керектігін халық айтатын болса, Қайрат Нұртас секілді әншілер шығады. Алайда музыканың мықтылығын анықтайтын музыкант қана. Ол халыққа жол тартатын өнім үшін жауапты. Сондықтан, кәсіби таңдау жасауды музыкант өз қолына алады. Мысалы, халық дизайнерге талап қойып, “Сен киімді дұрыс тікпедің. Одан да, былай істейік”, – деп айтатын болса, барлық киім инкубатордан шыққандай болып кетпей ме? Міне аталған әртістің айналасындағы оқиғалар осыған ұқсас. Кәсіби шеберлік жоқ жерде алуан түрлілік те жоқ. Сондықтан, ең басты нәрсе – сапа да болмайды”, – дейді ағайынды музыканттар.

Еске сала кетейік, осыған дейін әйгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенова да Қайрат Нұртасты сынап, оның әндерін тыңдамайтынын айтқан болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз