Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев бүкіл зейнетақы қорларының бірігуінен кейін БЗЖҚ-дан 90 миллиард теңгенің жоғалғанына ашулы екенін жасырмады.
Бұл туралы Радиоточкаға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
“Бұл ақша қайда кетті? Әр банктің өз сақтандыру компаниясы болды. Осы ақшаны олар сақтандыру жұмыстарына жұмсаған. Несиелерді төлеп, ақшаны алып алғаннан кейін: “Біз білмейміз” деп шығады. Мұндай банкирлерді қамауға алу керек (…) Біразымызға келген хабарламада 90-70 мың теңге жетпей тұр. Бұл қаражат кейбіреулер үшін кәдімгідей маңызды екендігін айтпасақ та болады”, — деді депутат “елімізді зейнетақымен қамтамсыз ету мәселелеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізуге” қатысты заң жобасын талқылау кезінде.
Депутаттардың сауалдарына жауап берген Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева “бұл ақша барлық қордың 2%-ын ғана алатынына баса назар аудартты”.
“Кейбіреулерінен 10 мың, ал кейбіреулерінен қор сомасына қарай 70 мың алынды. Қазақстан бойынша барлығы 4,5 триллион теңгенің 90 миллиардын біз алып тастадық. Бұл қор сомасының бар-жоғы 2%-ы ғана. Десек те, зейнетақы қорының бірігуінен кейін, 2014 жылдың 26 наурызында Ұлттық банк актвитерді басқаруы барысында 8,5%-ға жуық кіріс тапты”, – деді Ұлттық банк өкілі.
Ал Тінекеевтің ойынша, зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты аталмыш өзгертулерді енгізбес бұрын жиналып қалған сұрақтардың жауабын табу керек деп хабарлады ҚазТАГ.
“Біз бұл заңмен асығып жатқан жоқпыз ба? “Кеңестік” зейнеткерлеріміздің мәселелерін әлі шешпедік. Кезінде бізге зейнетақыны қайта есептеумен үкімет комиссиясы айналысуда деп айтқан еді. Көптеген “кеңестік” зейнеткерлер жалақыны қолға өздеріңіз айтқандай конвертпен немесе айырбас арқылы тауық, аяқ-киім сияқты өнімдермен алды. Нәтижесінде, 40 жыл еңбек өтілі барлар ең төменгі зейнетақы алуда”, — деп сөзін жалғастырды Тінекеев.
Сонымен қатар, депутат жұмыс берушілердің міндетті 5%-дық зейнетақы жарнасын төлеуге қатысты ережесі не себепті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қана күшіне енетіндігін түсіндіруді сұрады.
“Бұл ереже 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне еніп, аса қауіпті жұмыста істейтіндерге қазірден төленуі тиіс емес пе еді?” — деп сұрақ қойды Тінекеев.
Ал Жақыпова өз кезегінде Қазақстанда ынтымақты жүйенің біртіндеп жойылатынына назар аудартты.
“Ынтымақты жүйе бізде біртіндеп жойылуда. 2043 жылы ынтымақты зейнетақы ешкімге тағайындалмайтын болады. Нәтижесінде еңбек өтілі болмаса да ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын алатын кепілденген зейнетақы берілетін болады. Және міндеттелген зейнетақы жарнасы төлемінің 10%-ын зейнеткер өзі төлесе, 5%-ын — жұмыс беруші төлейтін болады”, — деп түсіндірді Жақыпова.
Ол міндетті 5% зейнетақы жарнасын жұмыс беруші төлеуі керек деген ереже 2014 жылдың 1 қаңтарында қабылданғанын мәлімдеді.
“Міндетті зейнетақы жарналары БҰЗҚ-та жұмыс берушілермен ашылған 338 мың жеке зейнетақы есепшоттарына көшірілді”, — деді Жақыпова.
Жақыпова “кеңестік” зейнеткерлер мәселесі де өз шешімін табатынын айтты.
“40 жылдық еңбек өтілі бар “кеңестік” зейнеткерлер бізден ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрайтын зейнетақы алатын болады”, – деп сендірді ол.
Дереккөз: NUR.KZ