Ал жаңа астананы “Қызылорда” деп атауды Сұлтанбек Қожанов ұсынды
Отарлау саясаты кезінде “киргиз” аталып келген халқымыздың “қазақ” деген атын қайтып алғанына 90 жыл толды.
Ақмешіт қаласында өткен қазақ кеңестерінің V съезінде, яғни 1925 жылғы 19 сәуірде Жалау Мыңбаев қол қойған құжат негізінде Қырғыз автономиялы республикасы аталып келген ел Қазақ республикасы болып өзгертілді.
Бұл кадрлар сол съездің нақты кинохроникасы. Бірнеше күнге созылған съезде Ахмет Байтұрсынұлы, Сұлтанбек Қожанов бастаған ұлт қайраткерлері “ауданды ұлтымыздың, әруақты жұртымыздың” өз атауын қалпына келтіретін уақыт жетті деп сөз сөйлеп, республика аты өзгертілді.
Бұған қоса, Орынбордан астана Ақмешітке көшірілген соң, сол қаулымен қала атауы да “Қызылорда” деп өзгертілді. Тарихшы Хазрет Тұрсынның жазуынша, Қызылорда деген атаудың идея авторы Қоңырқұлжа Қожықов. Алайда кей деректерде басқаша кездеседі екен.
Мәмбет Қойгелдиев: – “Қызылорда деген атау дұрыс шығар”-деп, түскі үзілістегі ас үстінде айтылады. Ал жиын басталғанда Сұлтанбек Қожанов: “Жаңа астанамызды Қызылорда деп атайық”-деп ұсынып жібереді. Елдің бәрі бірден қолдап кетеді.