Тәуелсіздікке енді ғана қолымыз жеткен жылдары Алаш идеясын өткен шақта қарастырыу басым болды.Тәуелсіздікті жариялаумен тәуелсіздікке қол жеткізіу ұзаққа созылатын тарихи кезең. Қазақ ұлтының бүгінгі болмысы, тұрмыс тіршілігі «Ақ жол»партиясы Алаш идеясы немесе қазақ идеясы мазмұны жағынан терең, бір партияның іс-әрекетімен, бағыт-бағдармен сарқылмайтын құндылық. Ал ком-мунистерден басқа партиялар да алашшыл азаматтар баршылық. «Ақ жолдың» орны бөлек, жүгі ауыр,ұлт идеясын сабақтастық дәстүрмен жалғастырыушы партия.
Бұның дәлелі «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауы Қазақстаннның «Ақ жолы»Демократиялық партиясы «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауын өткізгені белгілі. Шараның басты мақсаты «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын зерделеу және оны қазіргі заманғы Қазақстан қоғамына тарту болып табылды. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтің атына жолданған «Ақ жол»партиясының Парламенттік фркациясының депутаттық сауалында осындай мәлімдеме жасалды.Фракция депутаттарының атынан сөз алған Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясын өткен жылы Алаш қозғалысының 95 жылдығының қарсаңында Алаш рухын ардақтауда әлі де атқарылмай жатқан істер көптігіне назар аударып, Үкімет басшысының атына сауал жолдағаны, оған Алашқа байланыстыҚазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері істелген жұмыстар туралы хабардар еткен Премьер-Министр қол қойған жауап алынғанын еске салған еді. Қараша айның 23-інде «Ақ жол» партиясы осы датаға орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен XXI-ғасырда Қазақстан қоғамы жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.Осы конференцияның және Алматыда,бірқатар облыстарда жалғасын тапқан Алаш тақырыбына өткізілген әртүрлі жиындардың қатысушылары «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын еліміздің өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, оның дайындығына Үкіметті, Парламентті, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды кірісуге шақырған еді.
Сонай-ақ, 2014 жылың 13-інші желтоқсанында Астана қаласында «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің Пленумында «Алаш идеяларын бүгінгі және келер күнге жаратуға бағытталған бағдарлама қабылданғаны белгілі» және де «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі тағы бір аса маңзды шешім қабылдады. Партияның Саяси бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде әзірленген «Ақ жол» партиясының 2015-2020 жылдарға арналған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын зерделеу және тарату жөніндегі Бағдарламасының жобасы» негізінде алынып, оның аса маңызды құжат екендігін ескеріліп, ол барлық партия ұйымдарында екі ай ішінде кеңінен талқыланып, Жыл басы-наурыз айының 22-і қарсаңында партияның жоғарғы басшы органдарының бірімен қабылдануы үшін ұсынылатын болды. Мәңгілікке ұмытмайтын ұл жоқ. «Елбасымыз Қазақстан-2050» Стратегиясын Қазақстан халқы зор қуанышпен қабылдады. Бұл-аса маңызды тарихи құжат. Ұрпаққа жауапты-талап.
Ұлттық интелегенция, олардың шығармашылығын қалыптастыруда, тіліміздің мәртебесі, экономикамызды дамытып, Еліміздің тұғырын көтеруде Елбасымыз игілікті мақсаттармен Алаш азаматтарының ниеттері арасында үлкен сабақтастық жатыр.Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «Бабалармыз тірі болу үшін бір болса,біз әрдайым ірі болу үшін бір болумыз керек» деп тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» ету мұрат ететінімізді жариялады. Және оның ең басты шартын да атады: «Бабалардың ерлігі,бүгінгі буының ертен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» Бұл ретте атқаруға тисті міндетіміз –жасампаз және өміршең ұл қалыптастыру жолында еңбек ету,осы мұратқа жеткізеді. Бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасыр уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің атарухы алдндағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру,соған лайық еңбек ету,өткенге құрмет көрсету болып табылады.
Сырымбек ТӨЛЕУҰЛЫ
“Қазақ үні” газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі
http://www.qazaquni.kz/?p=35484