Темір отарба тексеруден өткізу кезінде сағатына 603 шақырым жылдамдықпен жүріп өткен.
Рекорд Фудзи таулары маңындағы Яманаси префектурасындағы жолдардың 42-шақырымдық эксперименттік бөлігінде жасалды.
Жалпы бұл «Маглев» пойызын жасақтау Жапонияда 1970 жылдары басталған болатын. Ал 2011 жылы болса билік өкілдері Токио мен Нагоя қалалары арасындағы 286 шақырым қашықтық жолда магнитті пойыз желісінің құрылысына рұқсат берді. Жүйрік отарба бұл арақашықтықты 40 минутта бағындырмақ. Ал 45,8 миллиард долларға бағаланған жобаның құрылысы былтыр басталып, толықтай 2027 жылы аяқталмақ.Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/60294-rekord-a-zhetti