Астанада Ресей елшілігі ғимаратынан өрт шықты

0
467
2
 Астанада Бараев көшесінде орналасқан Ресей елшілігі ғимаратының шатыры өртенді.
Аяқасты лап еткен жалын туралы хабар өрт сөндірушілерге кешкі сағат 18:12-де түсіпті. Елшіліктің спорт залы өртеніп, қызыл жалын шарпыған аумақ 15 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал тілсіз жаумен күресуге 60 өрт сөндіруші мен 15 техника жұмылдырылды. Өрттің неден тұтанғаны анықталуда.
Арман Құсайынов, қалалық ТЖД орталық басшысы:
– Бірінші бөлімше 18:19-да келді. Яғни 6 минут ішінде. Өрт шатырда тұтанып, шатырдың ағаштан жасалған құралдары жанды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз