Жапониядағы Қазақстан елшілігінде сайлауға дауыс берушілердің тізімі анықталды

0
462
10
Сайлауға дайындық жұмыстары шетелде де қызу жүруде.
Жапониядағы Қазақстан елшілігінде дауыс берушілердің тізімі анықталды. Бүгінде күншығыс елінде 120-дан астам отандасымыз бар. Олардың қатарында студенттер, шетелдік компаниялардың қызметкерлері, жұмыс бабымен жүрген азаматтар мен жапондықтармен отбасын құрған әйелдер бар. Олар Жапонияның түрлі аймақтарында тұрады. Консулдық бөлімнің ақпаратына қарағанда, олар – 18 префектураның тұрғындары. Ал сайлау бөлімшесі Токиода елшіліктің ғимаратында орналасқан.
Алмас Дисюков, сайлау бөлімшесінің төрағасы:
– Заңнамаға сәйкес, елшілік барлық жұмысты орындады. Жапонияда тұратын барша қазақстандықтарға ақпарат таратылды. 26 сәуір күні олар сайлауға қатысады деген үмітіміз зор.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/60318-mi-any-taldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз