Әсет Исекешев мәжіліске тек отандық өндірушілердің киімін киіп келді

0
496

 

Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев өз сөзінде тұрып, мәжілістің пленарлық отырысына қазақстандық брендтің өнімін киіп келді.

Photo: Әсет Исекешев мәжіліске тек отандық өндірушілердің киімін киіп келді

Photo: Әсет Исекешев мәжіліске тек отандық өндірушілердің киімін киіп келді

Бұл туралы Радиоточкаға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

“Костюм алматылық “Казлегпромдыкі”, аяқ-киім — қарағандылық. Бағасы қолжетімді. Қазір көптеген кәсіпорындар аяқ-киім, костюмдер, әсіресе, әйел киімдерін тігуде. Импорттық киімдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы, ұлттық нақышта тігіледі. Біз қашан да айтып келеміз: “Марка және брендпен жұмыс істеңдер”, — дейді Исекешев.

Министр киімінің құнын да тілшілерден жасырмады.

“Көйлек шамамен 10-15 мың теңге – әдемі ақ көйлек, костюм 30 мыңнан 70 мыңға дейін барады, аяқ-киім 10-15 мың теңге”, – деп ағынан жарылды Исекешев.

Минстрдің сөзіне сенсек, оның кимідерінің ішінде тек галстук пен белбеу ғана шетелдікі екен.

“Тіпті шұлығым да Астанадан, фирмасын жарнамалай алмаймын”, — дейді министр күліп.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Индустриалды даму мен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов, БАҚ-тың “отандық киімдер киесіз бе?” деген сауалына: “Бұл сұрақ біздің министр Әсет Өрентайұлына да парламентте қойылып, ол келесі жолы тек қазақстандық киіммен келуге уәде берді”, – деп жауап қайтарған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз