Атырауда екі әйелді қағып өлтірген автобус жүргізушісі кешірілді

0
461

 

Атырауда екі адамды қағып өлтірген жүргізушіні марқұмның туыстары кешірді, – деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Photo: Атырауда екі әйелді қағып өлтірген автобус жүргізушісі кешірілді
Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласында 1989 жылы туған автобус жүргізушісі 1954 және 1953 жылы туған екі бірдей әйелді қағып, олардың өлім құшуына себепкер болған еді.

Баспасөз қызметінің өкілі Ғалиевтің айтуынша, сотта тараптар өзара ымыраға келген.

“Сот оны “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу” бабымен айыпты деп тапты. Автобус жүргізушісі бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды”, – деді ол.

Ал Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, қаладағы “Балықшы-Авангард” бағытындағы №12 “Daewoo” автобусы қатты жылдамдықпен келіп, Сәтбаев даңғылында, “Тамаша” ойын-сауық және сауда орталығы маңында жаяулар жүретін жолмен өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кеткен.

Соққының қатты болғаны соншалық, екі әйел бірнеше метрге дейін ұшып түсіп, оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз