Оралда әскери офицер соққыға жығылған әйелді құтқарып қалды (видео)

0
385

 

Оралда әскери офицер далада әйелді соққыға алған ер кісіні тоқтатты деп хабарлады «Уральская неделя«.

Оқиға Жәңгір хан көшесінің Жазира аймағында «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетінде жолдың қақ ортасында орын алды. Қатты соққының астында қалған әйел орнынан тұра алмай, сүйретіліп қашуға тырысқан.

Көшедегі ағылған көлік жүргізушілерінің бірі де тоқтап, әйелге қол ұшын беруге тырыспаған. Жағдайды байқаған БҚО қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасары, әскери офицер Марат Есенов әйелді бұзақыдан арашалап қалды.

«Мен көлігімді тоқтатып, ер кісіге жақындадым. Үстімдегі әскери киімді көргеннен болу керек, ол бірден ұрып-соғуын доғара қойды. Әйел сол сәтте қашып, көліктің ішіне кіріп кетті. Мен бұзақының көлік кілтін тартып алып, полицияны шақырттым. 10 минуттан соң полиция келді де, мен кетіп қалдым. Сол уақыт ішінде қан-жоса болған әйелдің сөйлеуге де шамасы болмады», — дейді Марат Есенов.

Офицер ер кісінің тапа тал түсте әйелді көпшіліктің көзінше сабауына қарамастан, ешкім көмектесуге тырсыпағандығына таңданысын жасырмады.

«Мұндай жағдайларға жол берілмеуі керек. Егер ызаға булыққан азамат әйеліне қол көтеретін болса, ісіне жауап беруі керектігін білуі тиіс», — дейді Есенов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз