Елорданың сайлау учаскелері саяси науқанды өткізуге толық дайын

0
654
1
Бүгін Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия Астана қалалық филиалының өкілдері бас шаһардағы бірқатар сайлау учаскесінде болып, дайындық барысымен танысты. Учаскелердің бәрі талапқа сай жабдықталған. Бүгінде сайлаушыларды тіркеу жұмысы белсенді атқарылуда. Қоғамдық комиссия өкілдері Жастар театрында орналасқан №131 және 137 сайлау учаскелеріне барды. Олардың әрбірінде осы күні 3 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Алмагүл Сәлімбаева, ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия Астана қалалық филиалының мүшесі: – Бұл екі сайлау учаскесі Астана қаласының ең ірі сайлау учаскесі болып табылады. Сондықтан біздің комиссия мүшелері осы учаскенің дайындығын көру мақсатында бүгін осы учаскеге келіп отыр. Учаскенің дайындығы, деңгейі өте жоғары. Сайлау күніне 100% дайын.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/60502-asuda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз