Елімізде көлікті несиеге алатындар саны бірнеше есеге өсті

0
606
2
 Жеңілдетілген, жалпыға бірдей тиімді несие. Ел тұрғындары төмен пайызбен несиеге ұсынылған отандық көліктерді жаппай сатып ала бастады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан даму банкі еліміздің автоөндірісін қолдау мақсатында заңды тұлғаларға – 5, ал жеке тұлғаларды несиелендіруге – 15 млрд теңге бөлген болатын. Отандық автокөліктер 4%-дық мөлшерлемемен несиелендіріле бастағанын естіп автосалондарға ағылған жұртта есеп жоқ. Қазақстандық автодиллерлер санаулы күндер ішінде 2 мыңнан астам адамнан несие алуға өтінім қабылдап үлгерген. Су жаңа автокөліктердің өзінің болашақ иелері бар. Дәл бұл жерде 600-ге жуық адам өтінім жасап үлгерді. Тағы 200-і несие алуға кезекте тұр. Данияр Жүсіпов, сату бөлімінің менеджері: – Бұрын ондай болмаған. Несиеге беріле бастағалы көп адам келді. Жұмысқа келсең, автосалонда адамдар толып тұрады. Сатушы да, алушы да дән риза. Елден бұрын қарманып қалуға тырысқандар көзі түскен отандық көлікті алып кетуге асық. 10-нан20%-ға дейінгі жарнаны төлеп, ұсынылған модельдің ұнағанын таңдауға болады. Тек темір тұлпардың бағасы 5 млн 600 мың теңгеден аспауы керек. Мейірболат Тасеменов, сатып алушы: – Отбасын құрғаны алғашқы көлігім, өзі су жаңа. Жаңа 15 минуттың ішінде алып, 2-3 күнде мініп алып кететін шығармын. Бағдарламаға орта деңгейлі 6 банк қатысып жатыр. Барлығы дерлік бөлінген қаржының басым бөлігін игерген. Михаил Давыденко, сату бөлімінің жетекшісі: – Банк қызметкерлеріне күніне кемінде 250-300 өтінімнен түседі. Несие берушілер әрі кетсе 80 адамды қабылдап үлгереді. Тұтынушылардың ә дегеннен несие шарттарына қызығушылық танытқандары түсінікті. Себебі мемлекеттің қолдауы нәтижесінде пайыздық төлемдер шамамен 4 есеге қысқарған. Демек көрші елдің ескі арбасын алғанша, отандық көліктің жаңасын алу әлдеқайда тиімдірек бола түсті.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/ekonomika/item/60514-ege-sti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз