Ресейдің Архангельск облысындағы «Плесецк» ғарыш алаңында ұшыру сынағы кезінде тағы бір зымыран құлады. Ақпарат көздері зымыран сәтті көтерілгенімен бірнеше минуттан кейін бағыт-бағдарынан ауытқып, елсіз мекенге құлағанын хабарлайды. Төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккендер жоқ және зымыран жанармайының қоршаған ортаға залалы тимейді деп отыр.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/60546-lady