Өз атын жариялауға бас тартқан тележүргізуші екінші әйел болғаны туралы айтып берді

0
440

 

Көпәйелділік мәселесін қазіргі таңда жақтаушылар да даттаушылар да жетерлік. Біреулер көпәйелділікті ұятсыздықтың асқынған түрі десе, біреулер мұны әйелдерге көрсетілген мейірім деп санайды.

Comode басылымының тілшісі Зарина Измайлова екінші әйел болудың қыр-сырымен бөліскен танымал тележүргізушінің сұхбатын жариялады.

Photo: Өз атын жариялауға бас тартқан тележүргізуші екінші әйел болғаны туралы айтып берді

Сұхбат беруші өз атын жария етуден бас тартқанымен, екінші әйелдің өмірі қандай болатынын көпшілікке айтып беруге келіскен.

Әйел қаржылық жағдайы жоғары ер кісіге отбасысы бар екендігін біле тұра тұрмыс құруға келісімін берген. Тоқал рөлін ұсынған азаматтың 20 жыл бірге тұрған жұбайы және есейген екі баласы бар екен.

“Мені оның әйелі бар екендігі алаңдаттырмайтын. Себебі таңдаған серігімнің екі жанұяны да қамтамасыз етуге шамасы жететініне сенімді болдым. Көпнекелілікте ер кісі ең бастысы барлық әйелдерін тең ұстауы қажет. Бұл әр әйеліне бірдей уақыт, қаржы бөліп, балаларына бірдей көңіл бөлу дегенді білдіреді. Ал қазіргі заманда екінші әйел болу нәзік жандыларға абырой саналатыны жасырын емес. Ер кісілер де қаржылық жағдайы көтерсе, тіпті балаларынан жас қыздарды екінші, үшінші әйелі етуге қарсы емес”, – деп сөз бастады әйел.

Тележүргізуші бұрындары тұрмыс құрмағанын, ал қазіргі жолдасымен некесін үш куәгерлердің көзінше молда қиып бергенін айтады. Ол 9 ай бұрын қызды болып, ал тағы бір қызын “өзі үшін” 27 жасында туып алған екен.

“Біз күн сайын кездесіп тұрамыз. Бірге демалыс күндерін өткізіп, өзге елге саяхатқа бірге шығамыз. Алайда ол түнеуге қалып көрген емес. Әрине кез-келген әйел мұны қалар еді. Бірақ екеуімізге осылай болғаны да дұрыс. Оның бірінші әйелі мен жайлы білетін де шығар. Жолдасым екеуіміздің танысып, достасуымызды қалаған болатын. Абырой болғанда бұл ойынан бас тартты. Біздің отбасымыз өз әлемінде өмір сүруде. Қалыптасқан тыныштықты бұзып қайтеміз?”, – деп сөзін жалғастырды сұхбат беруші.

Тележүргізуші күйеуін бірінші әйеліне қызғанбайтынын және өзін жолдасы құлай сүйетініне сенімді екенін жасырмады.

“Мен өзімді әлемдегі ең керемет жан екеніме сендірте аламын және оны дәлелдеуді қажет етпеймін. Күйеуім мені сүйетініне сенімдімін” деп ағынан жарылды әйел сұхбат соңында.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз