Қазақстан әнұранында бір жолды ауыстыру ұсынылды

0
421

 

Уральская неделя” басылымының оқырманы Мақсұт Жұмағалиев еліміздің әнұран мәтінінде бір жолды өзгертуді талап етті.

Photo: Қазақстан әнұранында бір жолды ауыстыру ұсынылды

“Мәтінде мынадай жол бар: “Туған жерім менің – Қазақстаным”. Мен, мысалға Ресейде туып, Қазақстанға 1992 жылы көшіп келдім. Мен Қазақстанды өз отаным санаймын. Алайда, әнұран сөздері менің Қазақстанда туылмағанымды меңзеп тұрғандай”, – дейді Жұмағалиев.

“Еліміздегі халықтың жартысы өзге мемлекетте туғанына сенімдімін. Сол себепті әнұран мәтініне мұқият болу керек”, — деп есептейді оқырман.

Жұмағалиев Мәдениет министрлігіне бірнеше хат жолдап, мәтінде осы жолдың ауыстырылуын талап еткен.

Алайда мекеме ер кісінің белсенділік танытқанына алғыс білдіріп, сөздерін ауыстыра алмайтындығын айтқан. Министрлік әнұранның “еліміздегі жоғарғы заңнамалық органмен” мақұлданып, тиісті сараптамадан өткенін алға тартты.

Шәмші Қалдаяқовпен 1956 жылы жазылған “Менің Қазақстаным” атты танымал ән еліміздің ресми әнұраны деп 2006 жылдың 7 қаңтарында танылды. Оған мемлекеттік әнұран мәртебесін беру үшін мелекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та мәтініне өзгертулер енгізіп, ат салысқан болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз