ТЖД өкілдерінің мәліметінше, жолайырығы бетон құю басталған кезде оның металл тіреуіштері көтере алмағандықтан құлаған, деп хабарлайды меншікті тілшіміз Асқар Серғалиев.
Оқыс оқиға кезінде құрылыста 52 адам жұмыс істеп жатқан. Апат салдарынан 19 адам жараланып, ауруханаға жатқызылды. Қазір оның үшеуі ауыр халде жатыр. Көпір қирандыларының астында нақты неше адам қалғандығы әзірге белгісіз. Кейбір ақпаратқа сәйкес, бастапқыда көпірді 150 адам салып жатқан. Бұл жолайырығының құрылысына жауапты – «Базис» компаниясы.
Аударған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/60825-almatyda-y-la-an-k-pir-ornynda-t-aru