Қазақстанның солтүстік бөлігі белсенді фронттық аймақ әсерінде тұр, онымен осы өңірде найзағайлы өткінші жаңбыр бақыланады.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. Демалыс күндері және дүйсенбі күні мұнда жаңбырлы бұлтты ауа райы сақталады. Оңтүстік облыстар арқылы суық фронт өз жолында жаңбыр, найзағай, желдің күшеюін тудыра отырып, жылжитын болады. Қазақстанда ауа райын ұзақ уақыт анықтаған тропосферадағы оңтүстік-батыс ағындары батыс және солтүстік-батысқа ауысатын болады. Процестердің осылай ауысуы республиканың барлық дерлік аумағында температураның климаттық нормадан 2-5 градусқа дейін төмендеуіне әкеп соғады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/60849-bolzhamy