Нью-Йорк билігі 800 мың қала тұрғынын кедейшіліктен құтқармақ

0
389
3
Нью-Йорк билігі алдағы 10 жылдың ішінде 800 мың адамды аз қамтылған адамдар қатарынан шығаруды жоспарлап отыр.
Бұл туралы АҚШ-тағы ең ірі мегаполистің мэрі Билл де Блазио мәлімдеді. Нью-Йорк тұрғындарының әл-ауқатын нығайтуға бағытталған шаралардың арасында азаматтардың кәсіби біліктілігін арттыру және оларды қайта оқыту, балаларды мектепке тегін дайындау, сонымен қатар жеңілдікпен тұрғын үй беру мәселелері бар. Табысты өсірудің басты тетіктерінің бірі – төменгі еңбекақы көлемін біртіндеп көтеру. Қазір бұл көрсеткіш Нью-Йоркте сағатына 8 доллар 75 цент. Ал келесі жылдың басында 9 долларды құрайды деп күтілуде.
Билл де Блазио, Нью-Йорк мэрі:
– Бұл жоспар Нью-Йоркте алғаш рет қолға алынып отыр. Біз табыс табудағы теңсіздікке қарсы күрескелі отырмыз. Біз адамдарды кедейлік қамытынан құтқару жауапкершілігін өз мойныма аламыз.
Нью-Йорк халқы қалаға маңайлас елді мекендерде тұратындарды қоспағанда 8,5 миллион адамды құрайды. Экономикалық мүмкіндіктер орталығының бағалауынша, 4 адамы бар отбасының жылдық табысы 31156 долларға жететін тұрғындар аз қамтылған деп саналады. Осы тұрғыдан алғанда Нью-Йорк жұртшылығының 45%-ы кедейшілікте өмір сүреді деп айтуға болады. Бұдан басқа, де Блазио экологияны да жақсартуға шақырды.
Билл де Блазио, Нью-Йорк мэрі:
– Орташа алғанда Нью-Йорктің бір тұрғыны аптасына 6 келі қоқыс тастайды. Шын мәніндегі экологиялық жағынан таза қалаға айналу үшін, бізге бұл проблемамен ұзақ мерзімде жоспарлы түрде айналысу қажет.
Нақты айтқанда, Нью-Йорк 15 жылдан кейін тасталатын қоқыс көлемін 90%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Осылайша, Нью-Йорк жоғарыда аталған жоспарды ұсынған Батыс жартышардағы алғашқы ірі шаһар атанды.
Авторлары: Ернат Қашқынов, Диана Әлішева

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/60841-t-arma

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз