Елордада «Astana business campus» ғылыми паркі ашылмақ

0
397
4
Назарбаев Университеті инновациялық жобалармен айналысатын ғалымдардың қатарын арттырмақ.
3 жылдан кейін оқу ордасы «Astana business campus» ғылыми паркін іске қосады. Заманауи кешенде 8 мыңға жуық адам еңбек етеді. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан университет қызметкері Ержан Сырғалиев бүгінде 200-ге тарта ғылыми бастама сараланып жатқандығын айтады. Олардың ішінен 7 жоба іріктеліп, қаржыландыруға бекітілді. Алдағы уақытта денеге тілік салмай жүрекке операция жасау үшін бірегей құрылғыны нарыққа шығару көзделіп отыр. Бастама өткен жылдың желтоқсан айында пилоттық жоба ретінде жасалған болатын. Ержан Сырғалиевтың айтуынша, бүгінде университет қабырғасында іске асып жатқан жобалар оң нәтижесін көрсетіп отыр.
Ержан Сырғалиев, «Назарбаев Университеті» зияткерлік жүйелер мен энергия тиімділігі зертханасының аға ғылыми қызметкері:
– Университетімізде таза газды өндіріс ашылған. Қазақстанда ғылым саласында кейбір материалдар, қондырғылар шетелден сатып алынады. Оған көп уақыт өтеді және ғылыми зерттеуге кедергі болып отыр. Біз де ерекше, таза азот пен оттегі өндірісі ашылған.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/60821-parki-ashylma

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз