Қытайда тасқа айналған 90 млн жыл бұрынғы динозавр жұмыртқалары табылды.
Қытайдың оңтүстігіндегі Хэюань қаласында жол жөндеп жүрген жұмысшылар 43 жұмыртқаны қазып алған. Жалпы, бұған дейін де бұл өңірден бірнеше рет ежелгі кесірткелердің жұмыртқасы шыққан еді. 2004 жылы Хэюаньдағы музейде ежелгі жануарлардың ең көп жұмыртқасы жиналғандықтан, бұл қала Гиннестің рекордтар кітабына енген. Осы жолғы табылған 43 жұмыртқаның 19-ы өте жақсы сақталыпты. Үлкендігі 12 см болады. Мамандар оның қандай динозавр түріне жататынын зерттеп көрмекші. Гуандун провинциясындағы Хэюань қаласының маңынан 1996 жылы ең ірі көлемде 17 мың динозавр жұмыртқасы табылған.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/60970-tabyldy