АҚШ-тың Джорджия штатындағы Валдоста университеті студенттер жоспарлаған ірі наразылық шеруіне байланысты уақытша жабыла тұруға мәжбүр болды.
Университет басшылығы мәлімдегендей, оқу орны студенттердің қауіпсіздігі үшін жергілікті құқық қорғау органдарымен келісе отырып осындай қадамға барып отыр. Сондай-ақ оқу мекемесінің айналасы қосымша тәртіп сақшыларымен қамтамасыз етілмекші. Валдоста мемлекеттік университеті өткен аптада күтпеген жерден көтеріліс алаңына айналып шыға келді. Оған қатысушылардың бірі АҚШ туын аяғымен әбден таптап, рәмізге қорлық көрсеткен. Америкалық жалауды аяқасты еткен оқиға бейнетаспаға түсіріліп, ғаламторда үлкен толқын тудырды. Тәртіпсіздік танытқандар полиция қолына түскенімен, рәмізге қолдау білдірушілер қатары кең көлемде наразылық шарасын өткізуді жоспарлап отыр.
Авторы: Жігер Сәрсен
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/60948-tatty