Алматыда құлаған көпірден зардап шеккендер ауруханаға сыймай қалды

0
448

 

Алматыдағы оқыс оқиғадан жараланған жұмысшылар ең жақын деген №7 клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Photo: Алматыда құлаған көпірден зардап шеккендер ауруханаға сыймай қалды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

21 адамның алтауының жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Көбінде сынық жарақаттары. Ал 10 адамға ауруханада алғашқы көмек көрсетіліп, жарақаттары жеңіл болғандықтан үйлеріне қайтарылған.

Ауруханананың ауласы қазір жедел жәрдем көлігіне толып қалған. Әрқайсысы сәт санап келуде. Соңғы мәліметтер бойынша, жараланғандардың жалпы саны-21 адам. Оның алтауының жағдайы өте ауыр. Төртеуінің басы жарылса, қалғандары аяқ-қолы сынған.

Болған оқиға құрылысшыларды есеңгіретіп тастаған. Ал дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызды. Ақ халаттылар бәрі бірдей қабылдау бөліміне науқас қабылдауға жүгірді.

Бас дәрігер де басқармаға жаралылардың жағдайы туралы жүрдім бардым баяндауда.

Жаралылардың арасында есін жоғалтқандар бар. Оларды дәрігерлер бірден травматология бөліміне әкетті. Көбінде сынық жарақаттары. Бірінің жамбасы сынған, енді бірінің басы жарылған.

Зардап шеккендердің көптігінен палатаға сыймағандарды дәрігерлер кіре-берісте тұрып жарасын таңды. Осындай жеңіл жарақат алған 10 жұмысшы үйіне қайтарылды.

“Операция жасайтын немесе ранимациялық көмек көрсететін аурулар қазіргі таңда жоқ. Жергілікті емханалардың қарауына берілді”, – дейді №7 Алматы қалалық клиникалық аурухана бас дәрігері Болатбек Баймаханов.

Науқастардың туыстарымен бірге, ауруханаға полиция қызметкерлері де жеткен. Есін жиғандардан жауап алып жатыр. Бірақ, құрылысшылар әзірге жарытып еш нәрсе айтып жатқан жоқ.

Бәрінде тек бір-ақ жауап – бетон құйып жатқанда салып жатқан көпірі күтпеген жерден опырылып түскен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз