Бұл тұста көрші Ресейден жеткен делегацияның кездесу барысында келтірген пікірлері маңызды.
Себебі қазақстандықтардың тыныс-тіршілігі мен саяси тұрақтылығы іргелес жатқан жұртқа аян.
Олег Лебедев, халықаралық байқаушы:
– Еуропаның әлемнің бір де бір елінде сайлаушыларға мұндай оңтайлы жағдайлар жасалмаған десем, артық айтқандық болмас. Сол себептен сайлау өз деңгейінде өтеді деп нық сеніммен айта аламын. Барлығы халықаралық талаптар мен Қазақстанның сайлау заңнамасына сай өтіп жатыр.
Еуропалық байқаушылар да тарихи шараға дайындықтың үлгі тұтарлық жақтарын сөз етуде. Арнайы сапарлап келген делегаттар сайлау бөлімшелерінің дайындығын жоғары бағалады.
Карл Оллингер, халықаралық байқаушы:
– Бұл менің Қазақстанға шетелдік байқаушы ретіндегі алғашқы сапарым емес. Бұрынғы сайлау науқандарымен салыстыра келе, қазіргі сайлауға дайындық жақсы ұйымдастырылды дегім келеді. Мұндай үлкен мемлекетте электоралдық науқан өткізу оңай шаруа емес. Дегенмен бұл шара ойдағыдай өтеді деген сенімдемін.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/61067-jyndy-ty-o-ba-alady