Петропавлдық жетім қыз шенеуніктердің берген пәтерін мал қораға теңеді

0
488

 

Теріскейлік шенділердің жетім қызға берген баспанасы мал қорадан бетер болып шықты. Есік терезесі жоқ, жартылай жанып кеткен үйде адам тұруы мүмкін емес.

Photo: Петропавлдық жетім қыз шенеуніктердің берген пәтерін мал қораға теңеді
Ал бір айдан кейін бала сүйгелі отырған Татьяна Торгашованың пәтерді өз күшімен жөндеуге шамасы жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның үстіне даулы баспананың тіпті құжаттары да дұрыс болмай шыққан. Әкім қараусыз қалған 17 пәтер барын айтқан. Сол 17 пәтерден жетім қыз бен оның азаматтық некедегі еріне бұйырғаны осы баспана.

Бұрынғы иесі өрттен тұншығып өлген пәтер бір жыл бойы қаңғыбастардың жын-ойнағы болған. Теш түгілі есік-терезесі де жоқ. Алғаш рет үйді көргенде, жүкті келіншек шарасыздықтан жылап жіберіпті.

Соншама үмітпен келген көңілім мына сұмдықты көріп су сепкендей басылды. Ал әкімдіктегілер мені бір-екі күнде көшесіңдер деп сендірді ғой.

“Соншама үмітпен келген көңілім мына сұмдықты көріп су сепкендей басылды. Ал әкімдіктегілер мені бір-екі күнде көшесіңдер деп сендірді ғой. Бір айдан кейін босанамын. Нәрестеге де қанша шығын кетеді. Пәтер жөндеуге мүлдем шамам жоқ”, – дейді балалар үйінің түлегі Татьяна Торгашова.

Татьяна қазір декреттік демалыста. Жолдасының табысы екі жастың ас суынан артылмайды. Келіншек 4 жылдан бері балалар үйінің түлегі ретінде Қызылжар ауданында пәтер кезегінде тұр.

Алайда одан қайыр болмайтынын түсінген ол босанатын уақыты жақындаған сайын шенеуніктерді жиі мазалай бастаған.

Жүкті келіншекті аяған аудан басшыларының берген үйінің сиқы осы. Тіпті қорадан бетер үйдің құжаты да жоқ екен.

“Мен оған бұл баспананы жай ғана көрсеттім. Бос үйлердің бәрі осындай. Оның үстіне пәтер иесінің мұрагерлері де табылып қалуы мүмкін. Қазір сот арқылы бұл мәселені шешкелі жатырмыз”, – дейді Бескөл ауылдық аймағының әкімі Нұрлан Телтаев.

Сондықтан Татьяна бұл баспананы жөндегеннің өзінде ертең мұрагерлері оны далаға қуып шығуы әбден мүмкін. Қазір жетімдер үйінде табысқан жастар қаладағы кеңселердің бірінде бөлме жалдап тұрады .

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз